Сұлутөр ауылдық округінің әкімдігіне үміткер РАХИМБАЕВ Галымжан Серикбаевичтің САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

ӨМІРБАЯНЫ

Рахимбаев Галымжан Серикбаевич 1987 жылғы 3 мамырда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Ноғайбай ауылында дүниеге келген.

2009 жылы – «Қазақ қатынас жолдары» университетін қаржы мамандығы бойынша аяқтаған.

2010 — 2014 жылдары, Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Әлеуметтік жұмыстар маманы, хатшы, Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің хатшысы, 2.10.2015 — 4.12.2015 аралығында Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің инспекторы, 4.08.2016 — 5.12.2016 аралығында Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылдық округі әкімінің аппаратының жетекші маманның міндетін атқарушы, 2016 — 2018 Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылдық округі әкімінің аппаратының жетекші маманы

2018 жылдан бүгінгі күнге дейін, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті сайлаушылар!

Егер мен Сұлутөр ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланған жағдайда, ауылдың әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық – саяси өміріне белсенді араласа отырып, қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосу мақсатында шаралардың іске асуына ат салысатын боламын:

Менің басты мақсатым – ауыл тұрғындарымен қарым-қатынас біздің ауыл тұрғындарының күнделікті қандай қиындықтарға тап болатынын түсінуге мүмкіндік берді. Нашар жолдар, жарықтандырылмаған көшелер, суармалы су, стихиялық күл қоқыс сияқты мәселелерді шешуге, сонымен қатар;

Ауылда қалыптасқан тұрақты саяси-қоғамдық ахуалды сақтау;

Сұлутөр ауылдық округіне инвестиция тарту, ауылды көркейтуге ықпал ету;

Ауыл көлемінде ауыл шаруашылығын өркендетумен қатар, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс жасау;

Ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастар тәрбиесіне арналған іс-шараларды арттыру;

Халық сенімі мен аманаты мен үшін аса жауапкершілік, үлкен абырой. Сол сенімнен шығу мақсатында еліміздің кемел келешегі үшін ауылды өркендетіп, жоғары белестерге көтеру азаматтық борышым деп есептеймін.

Бүгін мен осы мәселелерді қалай шешуге және біздің ауылдағы өмірді жақсартуға болатынын нақты түсінемін! Мен мұны тек Сіздердің қолдауыңызбен ғана жасай аламын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.