Сұлутөр ауылдық округінің әкімдігіне үміткер РАЙЫМБЕКОВА Альмираның САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

ӨМІРБАЯН

Райымбекова Альмира 1987 жылы 17 қазанда Қырғызстан Республикасының Шу облысында дүниеге келген.

Ұлты – Қазақ.

Білімі – Жоғары.

2009 жылы «Каспий» қоғамдық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2005 жылы еңбек жолын Алматы қаласындағы ғылыми-зерттеу орталығында оператор болып бастаған. 2007-2008 жылдары Қ. Сәтбаев атындағы кафедрасының «экономика және бизнес» факультетінің операторы, 2008-2009 жылдары – «Каспий» қоғамдық университетінің «Қаржы және аудит» кафедрасының зертханашысы, 2009-2010 жылдары — Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Экономика және бизнес» факультетінің хатшысы. 2012-2013 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, Қордай ауданы, 2013-2015 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде іс жүргізуші, 2015-2016 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының статисі, 2016 жылы – Қордай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы, 2018-2019 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының бөлім меңгерушісі, 2023-2024 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қордай ауданы филиалының «Мансап» орталығының мониторинг және уақытша жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы.

2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қордай ауданы филиалының «Мансап» орталығы директорының орынбасары.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті сайлаушылар! Егер мен Сұлутөр ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланған жағдайда, ауылдың әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық – саяси өміріне белсенді араласа отырып, қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосу мақсатында шаралардың іске асыруына ат салысатын боламын:

— округтегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыстарды жандандырамын;

— 2025 жылы интернет жылдамдығын арттырамын;

— 2025-2026 жылдары аралығында шағын бизнес ашуға қолдау көрсетемін;

— 2025-2027 жылдары аралығында жолдарды жөндеу, жол белгілерін орнату, жұмыс орындарын құру, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге бар күшімді саламын.

— 2025-2028 жылдар аралығында әлеуметтік саланы дамытуға;

— 2025-2028 жылдар аралығында инфрақұрылымды дамытуға ықпал етемін.

Қорыта айтқанда менің алға қойған басты міндеттерім, ауылдың әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыта отырып, келешекте одан ары көркейіп гүлденуіне барынша өз үлесімді қосамын. Құрметті сайлаушылар! сайлауға міндетті түрде қатысуларыңызды сұраймын! Әрбір дауыс ауылымыз үшін маңызды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.