ЖАҢА ЖАРЫҚ ШАМДАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

0

Қордай ауылында көше жарықтарын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Соңғы уақытта Жібек жолы, Тұрар Рысқұлов және Аңырақай көшелерінде ескірген жарық шамдары заманауи LED технологиясымен алмастырылды.

Энергия үнемдейтін жаңа шамдар бұрынғы жиі істен шығатын шамдарға қарағанда әлдеқайда жарық әрі тиімді. Жаңа жарықтандыру жүйесі түнгі уақытта ауыл тұрғындарына жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Аталған жұмыстар жергілікті билік өкілдерінің көше тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген мәселелердің негізінде қолға алынған. Жарық орнату тек жайлылық емес, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға да ықпал ететіні сөзсіз.

Қазіргі таңда көше шамдарын жаңарту жұмыстары Қордай ауылындағы басқа да көшелерде жалғасуда. Жоба ауыл инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарына сәйкес жүзеге асуда.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, мұндай игі істер ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, түнгі мезгілде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жалпы елді мекеннің көркін арттыруға бағытталған.

Қордайлықтар бұл бастаманы жылы қабылдап, әкімдік жұмысына ризашылықтарын білдіруде. Тұрғындар алдағы уақытта да ауылдың көркеюіне бағытталған осындай жобалар жалғасын табарына сенімді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.