ЗАМАНАУИ БІЛІМ ОРДАСЫ

0

Қалғұты ауылындағы 180 орындық 3 қабатты жаңа мектептің құрылысы аяқталуға аз қалды. Кең кабинеттері, спорт және акт залдары, асханасы, стадионы қарастырылған мектеп инженерлік жүйелерге қосылды, енді ғимараттың ішін әрлеу жұмыстары қалды. Ғимараттың ауласын абаттандыру жобасы бойынша көгалдандыру, шағын сәулет нысандарын орнату, спорт алаңшасы мен жарық шамдарын жүргізу қарастырылған. Мұнда балаларға арналған түрлі секцияларды ашу көзделген. Қысқасы, жаңа мектеп оқушыларға сапалы білім беруге септігін тигізбек.м

Leave A Reply

Your email address will not be published.