ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН КЕШЕНДІ ШАРАЛАР

0

Қордай ауданының әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы Болатбековтың тапсырмасына сәйкес, аудандағы елді мекендерде инфрақұрылымды дамыту мен халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Ауқатты ауылдық округінде де осы бағытта бірқатар нақты жобалар іске асырылып жатыр.

Ауылда тұрғын үй салуға арналған жаңа алқап белгіленіп, оған ауыз су және электр желілері тартылуда. Тозығы жеткен электр бағаналары мен сымдар жаңартылып, 9 жаңа трансформатор орнату жоспарланған.

Санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында биотермиялық шұңқыр құрылысы аяқталуға жақын. Қоқыс полигонына бейнебақылау камералары мен жарық шамдары орнатылды.

Жол қауіпсіздігін арттыру үшін Абай көшесіне екі бағдаршам қойылып, Астана көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қызылсай ауылында көпірді жөндеу басталды.

Ауыл келбетін жақсарту мақсатында кіреберіс тұсқа заманауи стелла орнатылды. Сонымен қатар, жастар мен балаларға арналған футбол, стритворкаут және ойын алаңшалары салынуда. «Жасыл төбе» шекара басқармасына табиғи газ тарту жұмыстары да қолға алынды.

Жүзеге асырылып жатқан бұл жұмыстар – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі саясаттың көрінісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.