ҚР «Динамо» ДШСК 100 жылдығына орай Тараз каласындағы «Динамо» спорт кешенінде самбо күресінен Жамбылоблысы Полиция департаменті кызметкерлері арасында облыс біріншілігі өтті.
Жарысқа барлығы 15 команда — 68 спортшы қызметкер қатысты. Іс-шараның мақсаты — қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық шеберлікті арттыру.
Салтанатты ашылу рәсімінде Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Байжан Байгелді қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты ресми турде ашық деп жариялады. Сонымен қатар, КР еңбек сінірген жаттықтырушысы, Жамбыл облысы самбо куресі федерациясының президенті, Париж Олимпиадасынын женімпазы Елдос Сметовтің жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев жарысқа қатысушыларға өзінің ізгі тілектерін білдірді.
Сайыс жеті салмақ дәрежесінде өтіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Спортшылар керемет шеберлік пен жігер танытып, бәсеке тартысты етті.
Командалық есеп бойынша Тараз қаласы ПБ 1-ші орынды, Кордай АПБ 2-ші орынды, Т.Рысқұлов АПБ 3-ші орынды жеңіп алды.