ҚАУІПСІЗДІК– ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА!

0

Құрметті аудан тұрғындары! Қордай ауданы прокуратурасы Сіздердің назарларыңызға интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында маңызды ескертулерді жеткізеді.

Соңғы кездері алаяқтар азаматтардың банктік карталарын, шоттарын немесе дербес мәліметтерін пайдалану арқылы заңсыз әрекеттер жасауда. Осы орайда банк картасын үшінші тұлғаларға беруге қатаң тыйым салынғанын ескертеміз. Әрбір азамат өз атына ашылған шот пен картаның толық жауапкершілігін өзі көтереді.

Алаяқтар тарапынан жиі қолданылатын әдістердің бірі – азаматтарды «дроппер» ретінде пайдалану.

Дроппер – ол өзіне тиесілі банк картасын немесе шотын бөтен адамға беріп, оның заңсыз әрекеттеріне құрал болатын тұлға. Мұндай әрекет қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соғады.

Сіздерден сұраймыз:

Банк картаңызды ешқашан бөтен адамға бермеңіз;

Жеке деректеріңізді жарияламаңыз;

Күмәнді хабарламаларға сенбеңіз;

Қандай да бір күмәнді жағдайға тап болсаңыз – бірден құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!

Қордай ауданының прокуратурасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.