Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2025 жылдың 1 қазан – 31 қазан аралығында «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға сауаттылық!» атты аудандық айлық өткізілетіндігін хабарлайды.
Айлық барысында аудандағы шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнің (мейрамхана, дәмхана, асхана, Coffee BOOM) ас мәзірі мен бақылау-касса машиналарының фискалдық (кассалық) чектерінің және басқа да көрнекі ақпараттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңына сәйкес рәсімделуіне зерделеу жұмыстары жүргізіледі.
ҚР Конституциясының 14-бабы мен Заңның 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21 – бабына сәйкес, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады.
Нысандар маңдайшаларында жазылған жазулар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттардың сауатты, заң талаптарына сәйкес рәсімделуіне байланысты сұрақтарыңыз болса 87753059335 телефоны бойынша хабарласуға болады.
С. Балпукова,
Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі басшысы