13 қазанда аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясы өтті
Оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов өткізді. Сессияға депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
Депутаттар «Қордай ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» мәселені қарады, ол бойынша егжей-тегжейлі баяндаманы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғабит Сейдекеш ұсынды.
Бұдан әрі сессияда «Қордай аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қаңтардағы №26-2 шешімінің күші жойылды деп танылды және «Қордай аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» жаңа шешім қабылданды.