Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Бетқайнар ауылдық кітапханасында елді қуантқан ерекше мәдени шара – «Бетқайнар тынысы» журналының
таныстырылымы өтті.
Аталған басылым ауылдың тыныс-тіршілігін, тарихы мен бүгінгі жетістіктерін кеңінен насихаттап, жергілікті тұрғындардың рухани сұранысын өтеуге бағытталған. Жаңа журналдың жарық көруі ауыл мәдениеті мен ақпарат кеңістігі үшін маңызды оқиға болды.
Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген ауылдың абыройлы азаматтары журналдың болашақта аймақтың шежіресін жазатын, ел бірлігін бекемдейтін және жастарға өнеге болатын құнды дүние жарық көргенні айтуда.
Журналдың тұсауы ауылдың белсенді азаматтары Ж. Баймұратов пен О. Чораеваға тапсырылды. Басылымды жарыққа шығаруда ауыл ақсақалы Аймақан Көрпелдесовтің ерекше еңбек етіп, үлкен жауапкершілік танытқаны атап өтілді. Қатысушылар оның еңбегіне ризашылықтарын білдірді.
Шараға ауыл тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, жастар және оқушылар қатысып, жаңа басылымның алғашқы санымен танысты. Қатысушылардың пікірінше, «Бетқайнар тынысы» журналы ауыл өмірінің айнасына айналып, елдің мәдени дамуына серпін бермек.