COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы

0

Ағымдағы жылдың 24 маусымында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 11 оқиғасы тіркелді.

Атап айтсақ, облыс орталығының 3 тұрғыны: 63 жастағы зейнеткер, 50 жастағы жұмыссыз әйелден және «Қайқармет» базарының 39 жастағы сатушысынан ауру расталды.

Ал, Жамбыл ауданында 69 жастағы зейнеткерден, 55 жастағы жұмыссыз әйелден және бұған дейін ауырған әйелімен байланыста болған 48 жастағы ер адамдан инфекция анықталды.

Науқас күйеуімен байланыстағы тұлға ретінде есепке алынған Меркі ауданының 50 жастағы тұрғынының да коронавирусқа талдамасы оң нәтиже көрсеткен.

Дерт жоғары температура мен кеуде тұсындағы ауырсынуына қатысты шағымданған 27 жасар сарысулықтан да табылды.

Сондай-ақ, соңғы бір тәулік ішінде, өңірімізге келген Шымкенттің 42 және 37 жастағы тұрғындарынан, 63 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан да ауру расталды.

Барлық науқастар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша сынақтан өткен. Олар инфекциялық стационарға жеткізілді. Байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 24 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 637 жағдайы тіркелген.

Өткен тәулікте жалпы статистикаға кірмейтін 55 симптомсыз тасымалдаушы анықталды. Өңірде барлығы 439 симптомсыз тасымалдаушы бар.

Барлық дертке шалдыққандардың 424-і сауығып, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.