«БЕЛСЕНДІЛІК — ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУДІҢ КЕПІЛІ»

0

Қордай аудандық орталық ауруханасында ауруларды басқару бағдарламасына қатысушы пациенттер арасында «Белсенділік — ұзақ өмір сүрудің кепілі» тақырыбында марафон ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — созылмалы аурулармен өмір сүретін азаматтардың өмір сапасын жақсарту және олардың денсаулық мәдениетін арттыру болды.

Бұл шара артериялық гипертония, қант диабеті және созылмалы жүрек жетіспеушілігі сияқты созылмалы аурулардың алдын алу және асқынулардың дамуына жол бермеу арқылы халық денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды жоба. Бағдарлама аясында пациенттер жүйелі түрде медициналық бақылаудан өтіп, емханаға уақытылы келіп, дәрігерлік ұсынымдарды ұстанады, сондай-ақ салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған оқыту семинарларына қатысады.

Марафонға іріктеу талаптарына сәйкес бағдарлама шеңберіндегі ең белсенді және үлгілі пациенттер қатысты. Аталған бастама нәтижесінде көптеген қатысушылардың денсаулық жағдайы жақсарып, созылмалы аурулардың асқынуының алдын алу мүмкін болды. Бұл өз кезегінде АББ-ның тиімділігін және оның әлеуметтік маңыздылығын айқын көрсетеді.

Марафон соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Қордай аудандық орталық ауруханасының кәсіподақ комитетінің төрайымы Б.Чанбаева қолдау жасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.