ҚАРАСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАР

0

НУРГАЛИЕВ КУАНЫШБЕК АБДИКАДЫРОВИЧ 1983 жылы 24 шілдесінде  Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Өтеген ауылында дүниеге келген. Ұлты: қазақ. Білімі: жоғары.

2003 жылы «Тараз» институтын «қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы №16 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2006-2007 жж. – №8 Өтеген атындағы орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 2007-2008 жж. – №7 А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

2008-2009 жж. – №45 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

2009-2010 жж. – Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы.

2010-2020 жж. – Жамбыл облысы әкімдігінің «Тілдерді дамыту басқармасының жедел басқару құқығындағы «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК Қордай ауданы бөлімшесінің меңгерушісі.

2020-2022 жж. – Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталағы» КММ үш тілді оқыту жөніндегі аға әдіскері.2024-2025 жж. – Қордай ауданы №17 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директорының орынбасары.

2025 жылдан бүгінгі күнге дейін Қордай аудандық спорт бөлімінің статист маманы.

Үйленген.3 бала тәрбиелеуде.

 

Сайлауалды бағдарламасы

— Ауылдағы кәсіпкерлік саласын дамытуды қолдап, жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен кірістерді тиімді пайдалану мақсатында ауыл ақсақалдары, және тұрғындармен бірлесе отырып шешім қабылдаймын;

— Ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін субсидиялар мен қолдауларды ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарына қолжетімді етуге ықпал етемін;

— Жастар тәрбиесі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған мәдени және спорттық іс-шараларды жандандырып, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етемін;

— Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға, көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсетуді жергілікті кәсіпкерлер мен ұйымдармен бірлесе отырып жолға қоямын;

— Ауыл инфрақұрылымын (жол, жарық, ауыз су, интернет) жақсарту бағытында жобалар әзірлеп, тиісті бағдарламаларға қатысып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға жұмыс жүргіземін;

— Жайылымдық жерлердің қолжетімділігін арттыру, жерді тиімді пайдалану, жер дауларының алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылдаймын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.