ҚАРАСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАР

0

АЛТЫБАЕВ  ЖАНДОС СТАМБЕКОВИЧ

Өмірбаян

АЛТЫБАЕВ ЖАНДОС СТАМБЕКОВИЧ 1979 жылы 30 тамызында ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай  ауылында дүниеге келген. Ұлты: қазақ. Білімі: жоғары.

2000 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.

2009 жылы Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Қордай аудандық статистика бөлімінің жетекші маман м.а қызметінен бастаған.

2004-2005 жж. – Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай ауылдық округі мемлекеттік әкімшілік лауазымы, С санатындағы маманы.

2005-2008 жж. – Қордай аудандық статистика бөлімінің маманы.

2008-2010 жж. – Қордай аудандық статистика бөлімінің жетекші маманы.

2010-2013 жж. – Қордай ауданы Қарасай ауылдық округі әкімі.

2015-2015 жж. – Қордай ауданы Қарасай ауылдық округі әкімінің м.а.

2015-2018 жж. – Қордай ауданы Қарасай ауылдық округі әкімі.

2018-2019 жж.– Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.

2019 жылдан бүгінгі күнге дейін уақытша жұмыссыз.

Үйленген. 4 бала тәрбиелеуде.

 

Сайлауалды бағдарламасы

Қарасай ауылдық округінің су жүйесін күрделі жөндеуден өткізу.

Бұл әрбір үйді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп, ауылдың әрі қарай дамуына қажетті сенімді инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қарасай батыр және Еңбек ауылдарында көше жарығын орнату жобасы жүзеге асырылады.

Заманауи жарықтандыру жүйесі жол қауіпсіздігін арттырып, кешкі уақытта тұрғындарға жайлы және қауіпсіз орта қалыптастырады.

Ауыл шаруашылығы жерлерін суарумен қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі.

Фермерлер мен шаруа қожалықтарын тұрақты суармалы сумен қамтамасыз ету шаралары қолға алынады. Бұл ауыл шаруашылығы саласының дамуына жаңа серпін береді.

Округ аумағы арқылы өтетін Алматы – Ыстықкөл халықаралық тас жолын дамытуға бастамашы болу.

Бұл бизнес, туризм және көлік инфрақұрылымы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, жұмыс орындарын құрып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Жастарды қолдау мақсатында Қарасай батыр ауылында аграрлық-техникалық және туристік колледж ашу.

Бұл жас ұрпаққа сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге, өз елінде дамуға және болашағын құруға жол ашады.

Қарасай батыр мен Еңбек – үлкен әлеуеті бар ауылдар. Біз бірге бұл ауылдарды болашақтың ауылына айналдырамыз!

Өзекті  мәселелерді  шешуге және біздің ауылдық округінің өмірін жақсартуға  болатынын нақты түсінемін. Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен тәжірибемді пайдалана отырып,  өздеріңіздің пікірлеріңізді ескеріп, халықпен бірлесе жұмыс жасауға дайынмын. Мен мұны тек Сіздердің қолдауларыңызбен ғана жасай аламын.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.