ҚАРАСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАР

0

АЛТЫМБЕКОВ  МАҚСАТ БАҚЫТБЕКОВИЧ

АЛТЫМБЕКОВ МАҚСАТ БАҚЫТБЕКОВИЧ, 1984 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Еңбек  ауылында дүниеге келген. Ұлты: қазақ. Білімі: жоғары.

2020 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2018 жылы Қордай ауданы «АРБА-АТ» ЖШС-нің директордың шаруашылық орынбасары қызметінен бастаған.

2022-2024 жж. – Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорттық іс шаралар өткізу орталығының Қарасай ауылдық округінің спорт инспекторы.

2024 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Молдасейт атындағы «№2 балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауылындағы бөлімшесі басшысы.

Үйленген. 5 бала тәрбиелеуде.

Сайлауалды бағдарламасы

Мен, Қарасай ауылдық округінің әкімі қызметіне сайлансам ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, елді мекеннің тұрақты дамуына бағытталған мынадай жұмыстарды жүзеге асыруға күш саламын:

-Ауыл шаруашылығын қолдау: Мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл шаруашылығына берілетін субсидиялар мен техникалық қолдауларға тұрғындардың еркін әрі әділ қол жеткізуіне жағдай жасаймын.- Жастар мен білім: Жастарды отансүйгіштікке, еңбекке баулу бағытында мәдени, спорттық және тәрбие шараларын тұрақты ұйымдастырамын. Ауылымыздан чемпиондармен өнер азаматтарын шығаруға күш саламын. Білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнатып, білім сапасына үлес қосамын. Инфрақұрылымды жақсарту: Көше жарықтарын орнату, ауыз суды оның ішінде Қарасай ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және интернет желілерін дамыту бағытында нақты жобалар әзірлеп, тиісті мекемелермен бірлесе іске асырамын.

— Экономиканы дамыту: ауылдық округ аумағында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетіп, жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасаймын. Жергілікті кірістерді тиімді жоспарлап, ашық әрі әділ пайдалануға мән беремін.

— Әлеуметтік қолдау: Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүгедек жандар мен қарттарға көмек көрсету механизмдерін жетілдіріп, демеушілерді тарта отырып қайырымдылық іс-шараларын күшейтемін.

— Шаруашылық мәселесі: Жайылымдық және егістік жерлерді әділ үлестіру, пайдаланылмай жатқан жерлерді тиімді айналымға қосу мәселесін тұрғындармен бірлесіп шешуге жұмыс жасаймын. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан берілетін барлық жеңілдіктер мен қаржылай қолдауға шаруа қожалықтарының қолжетімдігін қамтамасыз етемін.

— Қоғамдық келісім: Ауыл тұрғындарының пікірін ескеріп, ашық әкімдік қағидатын ұстанамын. Кез келген мәселені халықпен бірге ақылдасып, әділ шешуге күш саламын.

Ауылдың өсіп-өркендеуі – әрбір азаматтың ортақ тілегі. Мен өз білімім мен тәжірибемді ауыл игілігіне жұмсап, ел сенімін ақтауға дайынмын. Ауылымыздың келешегі жарқын болуына бірге атсалысайық.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.