Алдымен, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың біріне тіркелгеніңізді тексергеніңіз абзал. Бұл жерде клиника немесе емхана медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан болуы керек.
Егер сіз емханаға тіркелмеген болсаңыз, оған міндетті түрде уақыт бөліңіз. Себебі онсыз дәрігердің қабылдауына, диагностика өтуге, медициналық көмектің өзге де түрлеріне жолдама ала алмайсыз.
Екіншіден, емханаға жоспарлы бармас бұрын, алдымен терапевтке жазылуды ұмытпаңыз.
Үшіншіден, дәрігер сізге негізгі немесе кеңейтілген талдаулар тізіміне жолдама береді. Қажет болған жағдайда диагностикалық тексеруге және денсаулығыңыздың жай-күйін бағалау үшін бейінді маманға жолдама береді. Бұл үшін өз қалтаңыздан қаражат төлеудің қажеті жоқ.
Зерттеулерге немесе бейінді мамандарға жолдама тек медициналық көрсетілімдер болған жағдайда ғана беріледі.