«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен қазіргі заманғы қазақ әдебиетін дамыту мақсатында «Көне Тараз күмбірі» атты әдеби байқау өткізілді.
Бұл байқау қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосу, таланттарды таныту және әдеби шығармашылықты насихаттау үшін ұйымдастырылды. Қазақ әдебиетінде жаңа арналар ашу, талантты авторлардың шығармаларын көпшілікке таныстыру мақсатында осындай шаралардың маңызы зор.
Тараз қаласындағы «Облыстық тарихи-өлкетану музейінде» өткен байқаудың қорытындысында аудандық «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» газеті бас редакторының орынбасары Жандос Омаров «Проза» аталымы бойынша І – орын иегері атанды. Сонымен қатар, республикалық кезеңіне жолдама алды.
«Көне Тараз күмбірі» әдеби байқауы заманауи қазақ әдебиетін дамытуға арналған үлкен шара болып табылады. Бұл байқаудың басты мақсаты – қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына үлес қосу, талантты авторлардың шығармалары арқылы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының мәдениетін кеңінен насихаттау. Сондай-ақ, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, шығармашылықпен айналысуға ынталандыру да көзделген.