СҰЛУТӨРДІҢ СҰЛУ БАҒЫ

0

Абаттандыру мен көгалдандыру мәселесіне келгенде Үлкен Сұлутөр ауылы үнемі көш ілгері жүргені. Тек көктем мен күз айларында ғана емес жалпы ауа райы мүмкіндігін ұтымды пайдаланатын ауыл азаматтары күшімен көтерілген жеміс-жидек ағаштары өсірілетін өз тәлім бағы көздің жауын алады. Бұл бақтың негізі 2008 жылы қаланғанымен, соңғы жылдары оны кеңейту, жас ағаштар мен түрлі көшеттер отырғызу игі дәстүрге айналған. Сол кезде боз терек пен кәдімгі теректің әр түрінен 500 көшет Алматы облысының Шелек қаласынан жеткізілсе, кейін 1000 көшеттен қаламшалау тәсілімен 10 000 жас терек өсіріліпті. Осындай әдіспен отырғызылған қарағаш көшеттері қазіргі таңда тамыр тартып, жайқалып тұр. Ал, жеміс ағаштарынан «Золотое превосходное» және «Красное превосходное» сұрыпты алмалар тәлімбақтың нағыз көркіне айналған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.