Үлкен Сұлутөр

0

Бүгінгі таңда Қордай ауданы облыс, қала берді республика көлемінде қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі десек артық айтқандық болмас. Соңғы бірнеше жылдың өзінде ауданда жүздеген тұрғын үй, ондаған мектептер мен ауруханалар бой көтеріп, ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамыды. Осының арқасында аудандағы үлкенді-кішілі ауылдардың тамырына қан жүгіріп, қараша халықтың тұрмыс жағдайы жақсарып келеді. Таулы ауыл туралы шағын анықтама Теңіз деңгейінен 1300 метр биіктікте орналасқан Үлкен Сұлутөр ауылының жазы салқын, қысы жылы келеді. Ал, жайқалған көк майса шөбі, тау жоталарын бойлай аққан бұлақтары мен таза ауасы жанға шипа. Мұндағы жұртшылықтың басым бөлігі егін егіп, мал өсіріп, ата кәсіптен қол үзбеген. Аудан орталығынан 80 шақырым жерге жайғасқан мекен өткен ғасырдың 30-шы жылдары құрылып, Калинин атындағы ұжымшар аталған. Айта кетсек, сол кездегі үрдістен бір адым алшақтамаған үлкенсұлутөрліктер бүгін де өзіндік еңбекқорлығымен, ауызбіршілігімен ерекшеленеді. қайраткерлер мекені Қазіргі таңда Үлкен Сұлутөр ауылдық округінде 1600-ден астам адам тұрады. Ал, бұрындары ауыл халқының саны 5000-ға дейін жеткен. Бұл жерде жазушы Марал Ысқақбай, Сансызбай Сарғасқаев, академиктер Қуанышбек Қорабаев, Ғайша Егізбаева, физик Нысан Бекбасаров сынды Қазақстанға белгілі қайраткерлер, сонымен қатар қоғам қайраткерлері Мұратбай Жолдасбаев, Байжан Әденов туып-өскен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.