Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan газеті» газетіне берген сұхбатында әскери қызметтің абырой-беделін арттыру мен елдің қорғаныс қабілетін нығайту мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, Қарулы Күштерді технологиялық тұрғыдан жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр.