АУДАН ӘКІМІ Р.ДӘУЛЕТТІҢ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Қадірменді жерлестер!

Баршаңызды мұсылмандардың ұлық мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әрдайым діни төзімділік пен ұлтаралық ынтымақтастық жолын берік ұстанған Қазақстан халқы үшін адамзат баласын бауырмалдыққа шақырып, жақындастыратын, ізгілік пен мейірім шуағын төгіп, қайырымдылыққа үндейтін ұлық мейрам – Құрбан айттың маңызы ерекше.

Құрбан айт — адамдардың бір-біріне мейірімді, қайырымды болуын насихаттайтын, ізгілік пен имандылыққа жетелейтін, ұлт пен ұлысты ұйыстырып, халықтарды татуластыратын қасиетті мереке.

Тәуелсіздігіміз орнығып, өз алдымызға дербес мемлекет болғалы бері ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының қолдауымен арнайы демалыс күні ретінде белгіленіп, ресми түрде тойлана бастаған қасиетті мейрам бүгінде дін бірлігін нығайтуға, рухани жаңаруға, қайырымдылық пен қанағатшылдық, бауырмалдық пен татулық сияқты адамгершілік асыл қасиеттердің қоғамдық өмір салтына айналуына шапағатын тигізуде.

Қадірменді мұсылман бауырлар!

Ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашатын, береке мен бірлікті, мейірім мен меймандостықты арттыратын Құрбан айт мерекесі қарсаңында береке-бірлік, бейбіт өмір, әр шаңыраққа игілік пен амандық тілеймін!

Алла Тағала барлық дұға-тілектеріңізді, шалған құрбандықтарыңызды қабыл етсін! Жаратқан Иеміз баршамызға нұр-шапағатын жаудырып, бүкіл ел болып бастаған игі істеріміздің жемісін көруді  жазсын! Болашағымыз жарқын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.