ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ТУРАЛЫ

0

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің хаттамалық тапсырмасына сәйкес Қордай аудандық орталық ауруханасында жүктілік кезіндегі асқынулар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша оқыту семинары басталды.

Ана мен баланы қорғау жүйесінде клиникалық шешімдерді уақтылы қабылдау — ана мен баланың өмірі мен денсаулығын сақтауда шешуші фактор болып табылады. Қиын, сындарлы сәттерде медициналық персоналдың кәсіби дайындығы, клиникалық алгоритмдерді білуі және іс-қимылдардың үйлесімділігі ерекше маңызға ие.

Оқыту семинарына Қордай аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлері қатысты. Семинар аясында жүктілік кезіндегі шұғыл жағдайларды басқару бойынша қолданыстағы клиникалық хаттамалар қарастырылып, клиникалық жағдайларды талдай отырып практикалық сабақтар өткізілді.

Мұндай білім беру іс-шараларын өткізу медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, ана мен перинаталдық аурушаңдық тәуекелдерін төмендетуге, сондай-ақ әрбір уақтылы қабылданған клиникалық шешім үшін кәсіби жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.