ШЕШІМГЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

0

29 қаңтарда Қордай аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу сегізінші сессиясы өтті. Оны аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов жүргізді. Сессияға депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының орынбасары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары.

Депутаттар «2026 – 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №55-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені қарады, ол бойынша баяндама аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева жасады.

Сонымен қатар, сессияда Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы №21-4 «Қордай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы депутаттарды аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ақсана Елеусізова хабардар етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.