Пресс-релиз
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол
Астана, 4 ақпан 2026 жыл
2026 жылғы 4 ақпанда Астана қаласында офлайн және онлайн форматта Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясының Төрағасы А. Әміртаевтың төрағалығымен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген пленарлық отырысы өтті. Іс-шараға партия филиалдарының жетекшілері, мәслихат депутаттары, сарапшылар және белгілі қоғам қайраткерлері қатысып, Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы талқыланды. Талқылау барысында мемлекеттің институционалдық дамуы, адам құқықтарының басымдығы, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік және «жасыл» экономиканы стратегиялық дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өз баяндамасында Азаматхан Әміртаев Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның саяси алғышарттарына тоқталып, оның заң шығару үдерісінің тиімділігін арттыруға, билік органдарының дербес әрі нақты жауапкершілігін күшейтуге және мемлекеттік басқару жүйесінің орнықтылығын нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жұмысының кең қоғамдық қатысумен өтіп жатқаны, e-Otinish платформасы арқылы мыңнан астам ұсыныс түскені айтылды.
Партия Төрағасы жаңа Конституция жобасында экология мен адам денсаулығы арасындағы байланыстың тұңғыш рет негізгі заң деңгейінде айқын әрі күшейтілген түрде бекітіліп отырғанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, таза ауа, таза су және қауіпсіз қоршаған орта азаматтардың өмір сапасын айқындайтын басты факторлар болып табылады және мемлекеттің болашақ ұрпақ алдындағы тікелей жауапкершілігі болуы тиіс. Осыған байланысты
«БАЙТАҚ» партиясы Конституцияның 8-бабында «Экология және адам денсаулығы» ұғымын мемлекеттің базалық құндылығы ретінде жеке тармақпен бекітуді ұсынды.
Кеңейтілген отырыс барысында партияның Атқарушы хатшысы Бекберген Керей «Конституция: экология мен даму арасындағы тепе-теңдік» тақырыбында
баяндама жасап, жаңа Конституция экологияны мемлекеттік саясаттың жекелеген бағыты ретінде емес, қоғамдық дамудың құндылықтық негізі ретінде айқындайтынын атап өтті. Алматы қалалық филиалының төрағасы Алма Қарашқызы «Адамға бағдарланған мемлекет моделі» тақырыбындағы сөзінде жаңа Конституция жобасында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілгенін атап өтті. Ал партия Төрағасының кеңесшісі Мұрат Ташибаев «Қазақстандағы конституциялық реформаның халықаралық-құқықтық аспектілері» тақырыбында баяндама жасап, жаңа Конституцияны қабылдау Қазақстан халқының өзін-өзі анықтау құқығын жүзеге асырудың заңды нысаны екенін айтты. Сонымен қатар, конституциялық реформаның халықаралық міндеттемелерді орындауға, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталғаны атап өтілді.
Саяси кеңес мүшесі, жас тарихшы Шыңғыс Үсенқұл жастар атынан сөз сөйлеп, Конституция жобасында Ұлы Даланың мыңжылдық мемлекеттілік дәстүріне сілтеме жасалуының маңызын атап өтті. Оның айтуынша, «Ұлы Дала» ұғымы Еуразия кеңістігінде қалыптасқан мемлекеттілік, құқықтық жүйе және саяси мәдениеттің тарихи сабақтастығын білдіреді.
Бастауыш партия ұйымының басшысы Сергей Качанов Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын толық қолдайтынын білдіріп, партия тарапынан өңірлік және бастауыш деңгейде түсіндіру және ақпараттық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге дайын екенін, азаматтарды қоғамдық талқылауға белсенді тартудың маңызын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын адамға бағдарланған, экологиялық жауапты және институционалдық тұрғыдан негізделген құжат ретінде толық қолдайтынын мәлімдеді. Партия алдағы уақытта да Конституция жобасын қоғамдық талқылауға белсенді қатысып, өңірлерде түсіндіру және ақпараттық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Новая Конституция — ключевой путь, ведущий страну Великой Степи к новым высотам демократии
Астана, 4 февраля 2026 года
4 февраля 2026 года в городе Астане в офлайн и онлайн форматах под председательством лидера Казахстанской партии зелёных «БАЙТАҚ» А.Амиртаева состоялось расширенное пленарное заседание Политического совета партии с участием руководителей филиалов, депутатов маслихатов, экспертов и видных общественных деятелей по обсуждению проекта новой Конституции Республики Казахстан. В ходе дискуссии особое внимание было уделено вопросам институционального развития государства, приоритету прав человека, охране окружающей среды, экологической безопасности и стратегическому развитию «зелёной» экономики.
В своём докладе А.Амиртаев остановился на политических предпосылках конституционной реформы, инициированной Главой государства К.Токаевым и направленной на повышение эффективности законодательного процесса, усиление персональной ответственности органов власти и укрепление управляемости государственной системы. Также было отмечено, что работа Комиссии по конституционной реформе проходит с широким участием общества, поступило более тысячи предложений через платформу e-Otinish.
Председатель партии особо подчеркнул, что в проекте новой Конституции впервые на уровне Основного закона чётко и усиленно закрепляется взаимосвязь экологии и здоровья человека. По его словам, чистый воздух, чистая вода и безопасная окружающая среда являются ключевыми факторами качества жизни граждан и должны стать прямой ответственностью государства перед будущими поколениями. В этой связи партия «БАЙТАҚ» предложила закрепить в статье 8 Конституции понятие «Экология и здоровье человека» в качестве базовой ценности государства отдельным пунктом.
В ходе расширенного заседания Исполнительный секретарь партии зелёных «БАЙТАҚ» Б.Керей выступил с докладом на тему «Конституция: баланс между экологией и развитием», отметив, что новая Конституция
рассматривает экологию не как отдельную функцию государственной политики, а как ценностную основу всего общественного развития. Председатель Алматинского городского филиала партии Алма Карашкызы в своём выступлении на тему «Человекоцентричная модель государства» подчеркнула, что в проекте новой Конституции человек, его жизнь, права и свободы закреплены в качестве высшей ценности государства. Советник Председателя партии М.Ташибаев выступил с докладом «Международно-правовые аспекты конституционной реформы в Казахстане», отметив, что принятие новой Конституции является законной формой реализации права народа Казахстана на самоопределение. Было также отмечено, что конституционная реформа направлена на выполнение международных обязательств Казахстана, усиление механизмов защиты прав человека, укрепление независимости судебной системы и расширение участия граждан в управлении государством.
Член Политического совета, молодой историк Ш.Усенкул выступил от имени молодёжи, подчеркнув значимость включения в проект Конституции ссылки на тысячелетнюю традицию государственности Великой Степи. По его словам, понятие «Великая Степь» отражает историческую преемственность государственности, правовых систем и политической культуры, сформированных на евразийском пространстве.
Руководитель первичной партийной организации С.Качанов выразил полную поддержку проекту новой Конституции Республики Казахстан и заявил о готовности партии системно проводить разъяснительную и информационную работу на региональном и базовом уровнях, активно вовлекая граждан в общественное обсуждение конституционных преобразований.
По итогам заседания партия зелёных «БАЙТАҚ» заявила о полной поддержке проекта новой Конституции Республики Казахстан как человекоориентированного, экологически ответственного и институционально выверенного документа. Партия продолжит активное участие в общественном обсуждении проекта Конституции и будет системно проводить разъяснительную и информационную работу в регионах.