Қарасай ауылында жергілікті тұрғындармен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізу ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – конституциялық реформалардың мазмұнын халыққа жеткізу, олардың маңыздылығы мен ел болашағына әсері жөнінде жан-жақты мәлімет беру болды. Жиын барысында ұсынылған түзетулердің мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудағы рөлі кеңінен айтылды.
Кездесу барысында Қарасай ауылдық округінің әкімі Алтымбеков Мақсат және ауылдық округ әкімдерінің бірі Ж.Жерембеков баяндама жасап, ұсынылып отырған өзгерістердің Қазақстан дамуының жаңа кезеңіне серпін беретінін атап өтті.
Шара барысында ауыл тұрғындары ұсынылған өзгерістер бойынша өз пікірлерін білдіріп, сауалдарын жолдады.