Сортөбе ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындары үшін Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған жиын өткізілді

0

Сортөбе ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындары үшін Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған жиын өткізілді. Жиынға Сортөбе ауылдық округі әкімінің м.а. М. Гаров және Сортөбе ауылдық ауруханасының бас дәрігері А. Апаева қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары түсіндіріліп, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, соның ішінде әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, жауаптарын алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.