Қордай ауылдық округінің әкімі Ә.Қаспақбаев Қордай ауылдық округіне қарасты Цемзауыт ықшам ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде пікір білді

0

Қордай ауылдық округінің әкімі Ә.Қаспақбаев Қордай ауылдық округіне қарасты Цемзауыт ықшам ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде пікір білді. Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары түсіндіріліп, олардың елдің тұрақты дамуына, құқықтық мемлекетті нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталғаны атап өтілді.

Жиын ауылдық мәдениет үйінде өтіп, оған округ тұрғындары белсенді қатысты. Кездесу барысында тұрғындар өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Округ әкімі азаматтардың ұсыныс-пікірлері маңызды екенін айтып, мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.