Қайнар ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған жиын ұйымдастырылды.
Жиын барысында Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Б. Әбенов баяндама жасап, Конституцияға ұсынылып отырған толықтырулар мен өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндірді. Ол бұл бастамалар елдегі құқықтық жүйені жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Кездесу соңында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.