Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, конституциялық жаңартулардың ел дамуы, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық тұрақтылықты нығайтудағы маңызы туралы айтылды.
Сонымен қатар тұрғындарға алдағы өзгерістердің мәні түсіндіріліп, олардың қоғам өміріндегі рөліне тоқталды. Базар қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.