Алға ауылында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті

0

Алға ауылында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті.

Кездесу барысында Алға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ш. Амиркулов тұрғындарға конституциялық реформалардың негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Ол өз сөзінде енгізілген өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және елдің одан әрі тұрақты дамуына берік негіз қалыптастыру екенін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, олардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Өз кезегінде №34 мектеп директорының міндетін атқарушы Гульвира Елибекова конституциялық жаңартулардың қоғам үшін маңыздылығына тоқталды. Ол Конституция – мемлекет пен қоғам өмірінің басты құқықтық негізі екенін атап өтіп, енгізілген өзгерістер елдегі әділеттілік қағидаттарын нығайтып, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғанын жеткізді.

#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#АтаЗаңдыҚолда

Leave A Reply

Your email address will not be published.