Үлкен Сұлутөр ауылдық округінің тұрғындарына Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын түсіндіру мақсатында арнайы жиын ұйымдастырылды

0

Үлкен Сұлутөр ауылдық округінің тұрғындарына Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын түсіндіру мақсатында арнайы жиын ұйымдастырылды.

Аталған жиынның негізгі мақсаты – тұрғындарға Конституция жобасының мәні мен маңызын кеңінен түсіндіру, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бағытындағы бастамалар туралы ақпарат беру.

Жиын барысында ауыл әкімі Б.Қоңырбаев сөз сөйлеп, Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Алтынбеков өз пікірін білдіріп, Конституцияның қоғам өміріндегі айрықша рөлін атап өтті. Ол Ата Заң – ел бірлігінің, тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің кепілі екенін айтып, тұрғындарды бірлік пен ынтымақты сақтай отырып, ел дамуына үлес қосуға үндеді.

Жиын соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасты.

#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#АтаЗаңдыҚолда

Leave A Reply

Your email address will not be published.