Сұлутөр ауылының тұрғындарына Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын түсіндіру мақсатында арнайы жиын ұйымдастырылды.
Жиын барысында ауыл әкімі Н. Байсал және ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Д. Әбдіразақ сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен тұрғындардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған маңызды нормаларын түсіндірді.
Аталған шара азаматтар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға және елдің тұрақты дамуына үлес қосуға бағытталды.