20 наурыз – «Ұлттық спорт күніне» орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Сортөбе ауылдық округіндегі №7 «Бетқайнар» колледжінің бірлесуімен ұлттық ойындардан тартысты жарыс ұйымдастырылды.

0

20 наурыз – «Ұлттық спорт күніне» орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Сортөбе ауылдық округіндегі №7 «Бетқайнар» колледжінің бірлесуімен ұлттық ойындардан тартысты жарыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастарды салауатты өмір салтына баулу және дәстүрлі спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру болды.
Жарыс барысында қатысушылар ләңгі тебу, кір тасын көтеру, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, асық ату сынды ұлттық ойын түрлерінен өзара бақ сынасты. Әр ойын жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар белсенділік пен шеберліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен студенттер «Жастар ресурстық орталығы» КММ тарапынан бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.