20 наурыз – «Ұлттық спорт күніне» орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Бетқайнар ауылдық округі әкімдігі және №7 «Бетқайнар» колледжінің бірлесуімен ұлттық ойындардан ауқымды спорттық іс-шара ұйымдастырылды

0

20 наурыз – «Ұлттық спорт күніне» орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Бетқайнар ауылдық округі әкімдігі және №7 «Бетқайнар» колледжінің бірлесуімен ұлттық ойындардан ауқымды спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара студент жастар арасында өтіп, қазақ халқының бай мұрасын насихаттауға, ұлттық ойындарды жаңғыртуға және салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталды. Шара барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, ептілік пен күш-жігерлерін, шапшаңдықтары мен төзімділіктерін көрсете білді.
Жарыс бағдарламасына асық ату, қол күрес, тоғызқұмалақ, арқан тарту және жебе ату сияқты ұлттық спорт түрлері енгізілді. Әр ойын түрі бойынша қатысушылар жоғары дайындықпен өнер көрсетіп, өз шеберліктерін дәлелдеуге тырысты. Әсіресе, асық ату мен арқан тарту ойындары көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырып, тартысты әрі әсерлі сәттерге толы болды.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Жастар ресурстық орталығы» КММ тарапынан арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырылған бұл шара жастардың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және достық пен бірлікті нығайтуға өз септігін тигізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.