ҰЛТТЫҚ ӨНЕР Ат ерді, ер елді ұстайды!

0

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР
Ат ерді, ер елді ұстайды!
Ат тағалау — қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлі өнерінің бірі. Бұл кәсіп мініс және жорық аты тұяғының табанына тағаны шегемен бекіту үрдісін білдіреді. Көп жағдайда, ат тағалау үрдісі алыс жолға немесе қыста мінілетін аттар үшін жүзеге асырылады. Қыстыгүні тағалы ат мұз бен тоңда таймай, сырғанамай жүруі үшін тағалау аса маңызды.
Наурыз мерекесінің қарсаңында, редакция тілшілері ретінде біз ат тағалаушы ұста — Еламан Бәйділдәмен сұхбаттасып, осы қиын әрі қызықты кәсібі жайлы сұрап білуді жөн көрдік.
Еламан Бейсенғалиұлы — қазақ өнері мен дәстүрін дәріптеп, ат тағалаушы ұста болып жүрген жан. Ол Жаңатұрмыс ауылының тумасы. Алғашқы ат тағалау ісіне 16 жасында кірісіп, сол уақыттан бері осы кәсіппен айналысып келе жатыр

Leave A Reply

Your email address will not be published.