Бүгін Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс ауылында маңызды экологиялық шара өтіп, ауыл тұрғындары үшін ерекше мәнге ие мерекелік күнге айналды. «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бастамасымен Жамбыл облысы аумағында «Мөлдір бұлақ» акциясы ұйымдастырылды.
Аталған акцияның негізгі мақсаты – табиғи су көздерін қорғау, бұлақтардың тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Іс-шара аясында белсенді жастар ауыл шетіндегі «Қайнар» бұлағының маңын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, айналасын абаттандырды. Бұлақ көзін ашып, айналасына тас қалап, арнайы белгі орнату арқылы табиғи нысанға жаңа келбет берілді. Бұл – туған жердің табиғатын аялауға бағытталған нақты қадам.