БЕКЗАДА ӨНЕРДІ БЕК ҰСТАНҒАН
Тазы иттері – қазақ халқының ұлттық байлығы, мәдениетінің ажырамас бөлігі болып саналатын ерекше аңшылық иттер. Ерте заманнан бері көшпенді халық үшін тазының орны ерекше. Ол тек малшылықтың көзі ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының өмір салтына, дәстүрлеріне, тіпті байлығына да тікелей байланысты болған.
Наурыз мерекесі қарсаңында Бетқайнар ауылына барғанымызда, біз Мұхтар Исмаиловпен танысып, тазы өсіру туралы әңгімелесуге мүмкіндік алдық. Мұхтар Ақанұлы – осы ауылдың тумасы, жастайынан сүйікті жануары тазы иттерін баптап, өсірумен айналысуда. Кейіпкеріміз тазының мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымыздағы маңызын жете түсінеді және оны әрдайым дамытуды мақсат етіп қойған.
«Мен бала күнімнен осы тазыға құмармын. Кезінде әкем мені ат баптап, ит жүгіртуге үйрететін. Ол кісіге қарап, жаттыққан иттерді көріп, мен де өзімнің тазыма деген қызығушылығымды дамытуға тырыстым», — дейді Мұхтар Исмаилов.