«AMANAT» партиясының аудандық филиалында өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының жұмысына елеулі үлес қосқан белсенді азаматтар марапатталды.
Аталған шарада, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен «AMANAT» партиясының төрағасы, Коалиция жетекшісі Ерлан Қошановтың алғыс хаттарын «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұловтың алғыс хаттары табыс етілді.
Салтанатты жиында өңірлік жалпыұлттық коалиция мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ белсенді жастар марапатталды. Олар алғашқы күндерден бастап коалиция қызметінің алдыңғы шебінен көрініп, республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу кезеңіндегі ауқымды үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарының негізгі қозғаушы күшіне айналды.
Сондай-ақ, марапаттар «Жастар Рухы» жас-тар қанатының белсенді мүшелеріне, «AMANAT» партиясының өкілдеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және жалпыұлттық коалиция белсенділеріне табысталды.