Жамбыл облысында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бағытында жобалық басқару қағидалары мен цифрлық технологиялар кеңінен енгізілуде.

0

Жамбыл облысында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бағытында жобалық басқару қағидалары мен цифрлық технологиялар кеңінен енгізілуде. Бұл тәсіл мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттырып, стратегиялық міндеттердің орындалуын нақты бақылауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бүгінде өңірде жобалық басқару бес негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылуда: адами капитал, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және үлгілік базалық бағыт. Осы құрылым тұрақты жобалық архитектура қалыптастырып, өңірлік дамуды жүйелі түрде жүзеге асыруға негіз болып отыр.

2025 жылы Жамбыл облысында бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы 393 жоба іске асырылып, оның 253-і толық аяқталған. Қалған 140 жоба кезең-кезеңімен жалғасуда. Ал 2026 жылы осы жүйе арқылы 146 жаңа жоба енгізілген.

Маңызды өзгерістердің бірі – «Easy Project» жүйесінен «Bitrix» платформасына көшу. Бұл шешім жобаларды басқарудың ашықтығын арттырып, деректерді нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда 300-ден астам мемлекеттік қызметкер осы жүйеде жұмыс істейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.