Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде магистранттар мен докторанттардың теориялық білімін бекіту

0

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде магистранттар мен докторанттардың теориялық білімін бекіту, практикалық дағдыларын дамыту және басқарушылық құзіретін қалыптастыру мақсатында стратегиялық командалық-штабтық әскери ойын өткізіліп жатыр, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шараға Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Бауыржан Әбжанов басшылық жасайды. Ол ойынның барлық кезеңдерін сапалы ұйымдастыру, оқушылардың білім деңгейін әділ бағалау және олардың функционалдық міндеттерді орындау кезінде практикалық дағдыларын тексеру маңызды екенін атап өтті.

Магистранттар мен докторанттар Қарулы күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдар әскери басқару органдарының лауазымды тұлғалары рөлінде қорғаныс операцияларын жедел-стратегиялық деңгейде дайындау мен жүргізуді пысықтайды. Сондай-ақ, басқарушылық шешімдер қабылдауға, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға және әскерлерді жан-жақты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.