Сіріңке мен тұтандырғышты балалардың қол жетпейтін жерде сақтаңыз. Егер қажет болса, балалар оларды биіктеу жерге қойсаңыз да алуы мүмкін.
Балаларға жалын деген ойыншық емес, ол тамақ пісіріп, жылу беретін құрал екенін, мұны тек үлкен адамдар ғана пайдаланатыны туралы үйретіңіздер.
Балаларыңыздан сіріңке мен тұтандырғышты әперіп жіберуін сұрамаңыз. Балалар үлкендерге қарап, олардың ісін қайталайтынын ұмытпаңыз.
Кішкентай балаларыңызды олардың тауып алған сіріңкелері мен тұтандырғыштарын сіздерге қайтарып беруіне үйретіңіз әрі мұндай жауаптылық көрсеткен үшін оларды мақтап қою қажет.
Өрт хабарлағыштарын орнатып, оларды отбасы мүшелерімен бірге үнемі тексеріп тұрыңыз, қуат беретін батареясын жыл сайын ауыстырыңыз.
Балаларды өрт шыққан кезде үйден қалай эвакуациялау жоспарын дайындауға тартып, олармен бірге осы жоспарға сәйкес іс-қимыл жасауға жаттығыңыз.
А.ӘБІШ, Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры