Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымее Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында республикалық «Ілияс оқулары» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Аталған байқауға аудан мектептерінен барлығы 46 оқушы қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығын насихаттау, көркем сөз оқу және әдеби талдау бағыттары бойынша өнер көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының, №2 М.Ломоносов атындағы, №8 Өтеген батыр атындағы, №27 Ы.Алтынсарин атындағы, №32 В.Маяковский атындағы орта мектептердің оқушылары жүлделі орындарға ие болып, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.