Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында өңірімізде өңдеу өнеркесібін дамыту шаралары жүйелі түрде жалғасып келеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Осы тұрғыда Шу ауданы «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағындағы Shengtai Biotech Co., Ltd (Fufeng Group) компаниясының жүгеріні терең өңдеуге бағытталған заманауи өндірістік кешенінің құрылысы қарқынды жүруде. Үш кезеңнен тұратын алып жобаның қазіргі уақытта бірінші кезеңнің құрылысы толық аяқталды.
Аминқышқылдары өндірісіне маманданған зауыттың негізгі өнімдері – изолейцин, лейцин, валин, треонин, глутамин және цитруллин.