ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

0

2026 жылдың алғашқы 3 айында Жамбыл облысының бактериологиялық қызметі өңірдегі эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Өңірде жалпы 72 535 зерттеу жүргізіліп, олардың ішінде 6075 оң нәтиже анықталды. Бұл зерттеулердің орташа өсімталдық көрсеткіші 8,4% құрады. Сонымен қатар, емнің тиімділігін арттыру мақсатында 6 140 антибиотиктерге сезімталдық тесті өткізілді.

Негізгі бағыттар бойынша анықталған деректер:

Ішек инфекциялары: Сальмонелла мен шигелла (дизентерия) қоздырғыштары анықталды. Қазіргі уақытта бұл инфекциялар бойынша ең көп зерттеу Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мен Байзақ ауданының зертханаларында жүргізілген.

Инфекциялық бақылау: 13 000-нан астам санитарлық сынама тексерілді. Олардың тек 0,35%-ы ғана талапқа сай келмеген.

Қауіпті инфекциялар: 2026 жылдың І тоқсанында облыста дифтерия, іш сүзегі немесе ботулизм сияқты қауіпті инфекциялар тіркелген жоқ.

Менингит: 95 зерттеу жүргізіліп, іріңді менингиттің 2 штаммы анықталды.

Жамбыл облысындағы бактериологиялық қызмет тұрғындардың денсаулығын қорғау бағытында маңызды жұмыстарды жалғастыруда. Эпидемиологиялық ахуал бақылауда және мамандардың үздіксіз жұмысы өңірдегі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін маңызды рөл атқарады.

Қордай аудандық орталық ауруханасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.