Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қате немесе артық төленген жарналар мен аударымдарды қайтару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа тиісті өтініш жолдау қажет.
Өтініш үлгісін mskory.kz интернет-ресурсынан жүктеп алуға болады.
Толтырылған өтінішті «Қазпошта» байланысы арқылы немесе қолма-қол түрде келесі мекенжайға тапсыру қажет:
010000, Астана қаласы, Кравцов көшесі, 18-үй.
Өтінішпен бірге төлемнің жүргізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса ұсыну міндетті.
Өтініш белгіленген тәртіпке сәйкес 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Назар аударыңыз: МӘМС жүйесіне қате төленген немесе артық аударылған жарналар мен аударымдар басқа есептік кезеңдерге қайта есептелмейді, тек өтініш негізінде қайтарылады.
Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникаңыздағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады:
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
msqory.kz ресми сайты
Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
1414 байланыс орталығы