Жамбыл облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жалғасуда. Биыл өңірде жалпы 2 941 пәтерді қамтитын 66 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде жыл соңына дейін 1 685 пәтерлі 35 тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Құрылыс саласының даму барысы облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров төрағалық еткен әкімдік мәжілісінде талқыланды. Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 60,7 миллиард теңгені құрады.