Қордай аудандық орталық мешіті Құрбан айт мерекесіне орай мал сою орнының ауысқанын хабарлайды.
Мешіт жанындағы мал сою орны бекітілген талаптарға сай келмеуіне байланысты, құрбан шалу рәсімі 27 мамыр күні «Барыс-2» базарындағы «Көмек» шаруа қожалығының базасында ұйымдастырылады.
Аталған орында халал сертификатына ие арнайы қасапшылар жұмыс атқарып, мал союға барлық қажетті жағдай жасалған.
Осыған байланысты, құрбан шалуға ниет білдірген жамағаттан ендігі жерде орталық мешітке емес, «Барыс-2» базарындағы «Көмек» ШҚ-на келулеріңізді сұраймыз.
Қордай аудандық орталық мешіті