КЕН ӨНДІРУ – ЭКОНОМИКАҒА ӨСІМ

0

КЕН ӨНДІРУ – ЭКОНОМИКАҒА ӨСІМ
Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков аудан аумағында орналасқан «Шоқпар – Гагаринское» тау-кен байыту комбинатының жұмысымен танысты.
Жалпы құны 47 млрд теңгені құрайтын ауқымды жоба өткен жылы өз жұмысын бастаған болатын. Шоқпар және Гагарин тау бөктерінде төрт түрлі металл өндіріліп, өңделеді. Атап айтқанда, алтын, күміс, мырыш және қорғасын концентраттары өндіріледі. Өндіріс ошағы жылына 500 мың тоннаға дейін кен өндіруге қауқарлы. Комбинат құрылысы толықтай 2027 жылы аяқталады деп күтілуде.
Бегзат Сейсенқұлұлы комбинат өкілдерімен кездесіп, қазіргі жұмыс барысымен танысып, алдағы жоспарлары туралы сұрады. Сонымен қатар, мүмкіндігінше жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.