СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ЖАЗҒЫ МАУСЫМНЫҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ
Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков жазғы кезеңде азаматтардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты.
Жұмыс сапары барысында аудан басшысы Қордай ауылындағы «Гавайи Қордай» демалыс аймағында және Бетқайнар ауылындағы «Алмаз» су қоймасында болып, шомылу маусымына дайындық деңгейін, жағажай аумақтарының жай-күйін және қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді.
Аудан әкімі тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс екенін атап өтіп, жауапты тұлғаларға қауіпсіздік шараларын күшейтуді, түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізуді және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Әсіресе балалар қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, ата-аналар мен демалыс орындары қызметкерлерінің жауапкершілігі жоғары болуы керектігі айтылды.
Қордай ауданында жазғы демалыс маусымында тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіз әрі жайлы демалысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады.