📌 ЖАСТАРҒА МОЛ МҮМКІНДІК
Қордай ауданында мемлекеттік «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жас мамандардың еңбек жолын бастауына нақты қолдау көрсетіп келеді. Бағдарлама түлектердің кәсіби тәжірибе жинақтап, еңбек нарығына бейімделуіне мүмкіндік береді.
Соның жарқын мысалы – жас маман Рано Наджафова. Оқу орнын аяқтаған соң ол Жұмыспен қамту орталығы арқылы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысып, «BILIM-DOS» жалпы білім беретін мектебінде еңбек жолын бастады. Тәжірибе барысында кәсіби дағдыларын жетілдіріп, тәжірибелі әріптестерден тағылым алды.
Бағдарламаның басты артықшылығы – жастардың алғашқы жұмыс орнында тәжірибе жинақтап, өз мамандығы бойынша еңбек етуіне жол ашуы. Бүгінде Рано өз ісіне сенімді, болашағына нық қадам басқан маман ретінде қалыптасып келеді.
«Жастар тәжірибесі» – жас буынның кәсіби дамуына серпін беретін, еңбек жолындағы алғашқы маңызды баспалдақ.